Госорганы

Жыл басынан бері зейнетақы қорына қазақстандықтардан 81,8 млрд теңге түсті

Жыл басынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері 1 трлн теңгеге ұлғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин қаңтар-сәуір аралығында қорға 81,8 млрд теңге зейнетақы төлемдері түскеніне тоқталды.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бері 7,2%-ға немесе 1 трлн теңгеге ұлғайып, сәуір айының соңында 15,7 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бастап инвестициялық кіріс көлемі 482 млрд теңге, зейнетақы жарналары – 664 млрд теңге, зейнетақы төлемдері – 81,8 млрд теңге, мерзімінен бұрын алу сомасы шамамен 47 млрд теңге болды», — деп алғашқы тоқсанның есебін ұсынды Виталий Тутушкин.

Оның айтуынша, аталған аралықта Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері 0,5%-ға өсіп, 58,7 млрд долларға жеткен.

Другие новости

Back to top button