Госорганы

Жыл басынан бері тұрғын үй өртінен 203 адам қайтыс болды — ТЖМ

Тұрғын үй секторында олардың саны жыл басынан бері 4 мыңнан асты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Салдарынан 203 адам қайтыс болып, 193 адамды күйік шалған.

Өрт кезінде қаза тапқандар санының артуы Шымкент қаласында, Жамбыл, Ақтөбе, және Қарағанды облыстарында байқалып отыр.

«Өрттің алдын алу және жою бойынша заманауи технологияларды енгізу мақсатында министрлік дамыған елдердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық тәжірибені зерделеп, талдады. Зерттеулер көрсеткендей, өрт басталған уақытынан 5-6 минуттан кейін адам өлімі келеді. Сол себепті өрт туындаған кезде азаматтарға көмек көрсету уақытын қысқарту үшін, кезекші-диспетчерлік қызметтердің жұмыс орындарын автоматтандыру қарастырылып отыр», — деді ТЖМ басшысы Үкімет отырысында.

Другие новости

Back to top button