Госорганы

Жыл басынан бері террористік сипаттағы қылмыстарды жасады деген күдікпен 31 қазақстандық және шетелдікті ұсталды — ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес бойынша жұмысты жалғастыруда

Атырау облысының тұрғыны «Т»-ға қатысты терроризмді насихаттау фактісі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы Атырау қаласының №2 сотының үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Тергеу барысында оның белсенді түрде дін ұстанушылар арасында радикалды идеологияны таратқаны және еліміздің азаматтарына қатысты зорлық іс-әрекеттер жасауға үгіттегені дәлелденді.

«Сонымен қатар, Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты осыған ұқсас фактілер бойынша халықаралық террористік ұйымдары уағызшыларының ықпалына түскен Шымкент қаласының 2 тұрғынын 7 жылға бас бостандығынан айыруға жазалады.

Тергеу барысында олардың әлеуметтік желілер арқылы терроризм идеологиясын насихаттағандары, сонымен қатар террористік тұрғыдан белсенді аймақтарға жету үшін шетелдік содырлармен байланыс орнатпақ болғандары анықталды», — делінген хабарламада.

Аталған адамдардың кінәсі куәгерлердің көрсетулерімен, заттай айғақтармен және өзге де материалдармен толық дәлелденді.

2023 жылдың басынан ҰҚК террорға қарсы бөлімшелері террористік сипаттағы қылмыстарды жасады деген күдікпен еліміздің 31 тұрғынын және шетелдікті ұстады. Осы кезеңде сот органдары аталған фактілер бойынша тағы да 10 адамды әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырды.

Другие новости

Back to top button