Выбор редакцииПавлодарская область

Жығылғанға жұдырық: Екібастұздағы пәтерлер нәжіске толып жатыр

Қаладағы кейбір көп қабатты үйлерде кәріз жүйесі қатып қалған, деп хабарлайды Экспресс К.

Қыстыгүні жылусыз қалып, үйлерінде жаурап отырған тұрғындар тағы бір қиындыққа тап болды. Шаһардағы кейбір көппәтерлі үйлердің кәріз жүйелері суықтан қатып қалып, қалдық сулар баспаналардың ішіне ағылудың алдында тұр.

 

Осыны көрсететін видео әлеуметтік желіде жарияланды. Одан ванна мен дәретхананың лас суға толып қалғанын аңғарасыз.

 

Қатып қалды. Жаңа ғана аз болған, көбейіп жатыр. Не істерімізді білмей отырмыз,

— дейді видеодағы пәтер иесі.

 

Бірер күн бұрын Екібастұздың Жылу электр орталығындағы бірнеше қазандықтың жұмысы тоқтап, қалаға жылу берілмей қалған еді. Аймаққа жұмыс сапарымен барған үкімет басшысы Әлихан Смайылов апатқа кінәлілердің жауапқа тартылатынын айтқан болатын.

 

Другие новости

Back to top button