Главное

«Жұтып қойсам не болар еді?»: қарағандылық әйел шұжықтың ішінен тіс тауып алды

Ол шұжықтан шыққан ненің тісі екенін білу үшін санитарлық қызметке жүгінбек

Қарағандылық әйел сатып алған шұжықтың ішінен егеуқұйрықтың тісін тауып алған. Әйел бұл жағымсыз оқиға туралы «Новый вестник» газетінің тілшілеріне айтып берген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Мен бір күн бұрын сатып алған шошқаның cығылған етінен сальтисон сэндвичін жасамақ болдым. Бақытымызға орай, мұқият шайнап отырып бөтен өткір затты байқадым. Сөйтсем, ол егеуқұйрықтың тісі екен. Оның өлшемі сіріңке қорабының жартысындай. Ал егер мен оны жұтып қойсам ше? Бұл шұжықты қайта кішкентай немерелеріме бермегенім жақсы болды»,-дейді Қарағанды тұрғыны.

Әйелдің айтуынша, ол мұндай жағдайға бірінші рет тап болып отырған жоқ.

«Жақында мен 45-кварталдағы дүкеннен торт сатып алдым. Сол торттың кілегейінен ұзындығы үш сантиметрге жуық сым тауып алдым. Мен бәрін мұқият шайнау керек екеніне тағы бір рет көз жеткіздім»,-деді ол.

Енді ол шұжықтағы нақты егеуқұйрықтың тісі екеніне көз жеткізу үшін санитарлық қызметке барамын деп отыр.

Другие новости

Back to top button