Госорганы

«Жұрттың бәрі сөз сатқан»: Қазақстанда «инфосығандарға» қарсы петиция пайда болды

Қазақстанда «инфосығанға» қарсы онлайн-петиция іске қосылды. Құжат авторлары билікті блогерлерге пайдасыз курстарды сатқаны үшін жазаны қатаңдатуға шақырады, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Петиция авторлары бүгінде республикада блогерлер мен инфлюэнсерлердің ықпалы артып келе жатқанын, сол себепті жалған сарапшылар көбейіп, қазақстандықтарға пайдасыз курстар сататынын айтқан.

Олардың айтуынша, «инфосығандар» өздерін бизнес-тренер, коуч және мотиватор ретінде көрсете отырып, халыққа әдемі өмір, рухани жаңғыруды насихаттайды. Осылайша өзгелерді өздерінен үлгі алуға шақырады. Оған қоса олардан курс, гайд немесе кітап сатып алу арқылы қол жеткізуге болатын аспа-төк «мол табысты» уәде етеді.

Авторлар ондай курстардың шын мәнінде практикалық тұрғыда ешбір құндылығы жоқтығын атап өткен.

– Бұл адамдар өздерін сарапшы ретінде көрсете отырып, пайдасыз ғана емес, сонымен қатар шындыққа сәйкес келмейтін және тіпті зиян келтіретін ақпаратты насихаттайды. Сонымен қатар біздің елімізде «инфосығандықтың» кең таралғаны соншалық, елге берері бар мықты сарапшылар тасада қалып жатады, – оделінген Alash.online. сайтында жарияланған петиция мәтінінде.

Атамыш петиция авторлары пайдасыз ақпараттық өнімдерді таратып, сатуға байланысты тиісті шаралар қолдануды, сондай-ақ осы мәселе бойынша халықты құлақтандыру үшін заңнамалық шаралар қабылдауды талап етеді.

Другие новости

Back to top button