Главное

“Жұрт оны соловей дейді”: Рахымбеков Ертісбаевтың даулы пікіріне жауап берді

Бұған дейін Ермұхамет Ертісбаев президенттікке үміткер Жигули Дайрабаевтың есіміне қатысты қалжыңдаған еді

«Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков саясаттағы тұлғалардың лақап аты туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

«Ол кісі үшін бұл- ұят қылық. Оның айтқаны әлеуметтік желіге тарап кеткен. Ол кісінің де (Ермұхамет Ертісбаев – авт.) бұлбұл деген «кличкасы» бар. Енді қазіргі көрсетіп отырған деңгейі сол болса, түсінуге болады. Тұңғыш Президентке қандай ақыл айтқанын білеміз. Меніңше, сынап, мазақ қылу дұрыс емес. Мысалы, саяси «кличкалар» болады. Кімдікі екенін айтпай-ақ қояйын, «Чиполлино» дегеннің кім екенін білеміз. Неге «Чиполлино» дейтінін де білеміз. Бірақ ол туралы айтпаймыз ғой», — деді Төлеутай Рахымбеков.

Еске салсақ, осыған дейін Ермұхамет Ертісбаев «Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаевтың есіміне қатысты қалжыңдаған еді.

«Менің ойымша, оның ең болмағанда бес пайыз ұпай жинайтын мүмкіндігі жоқ. Ол сайлауда нөл пайыз көрсеткіш көрсеткен адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енеді. Өйткені Қазақстанда ешкім Астананың атын «Жигули» деп өзгерткісі келмейді ғой»– деп еді Ермұхамет Ертісбаев.

Ал президенттікке үміткер Жигули Дайрабаевтың өзі әкесі бұл есімді «Жигули тауындай ұлы болсын» деген ниетпен қойғанын айтқан еді.

 

Другие новости

Back to top button