Журналист Сандуғаш Дүйсенова өзінің жалаңаш бейнесін түсірген полицейлерден 100 мың теңге өндіріп алады
Журналист Сандуғаш Дүйсенованың жалаңаш бейнесін түсіргені үшін оған Қаржы министрлігі 100 мың теңге төлейді. Бұған қатысты 17 мамырда Сандуғаш Дүйсенованың арызы бойынша сот отырысы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2023 жылдың жазында ол түнде ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген болатын. Оған Қылмыстық кодекстің 147-бабы (Қазақстан Республикасының жеке өміріне қол сұғылмаушылықты және жеке деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша айып тағылды.
2022 жылы Дүйсенова Facebook желісінде адамды атып, баланы жаралаған қылмыскерді іздестіру туралы ақпаратты жариялады. Деректер арасында ер адамның ЖСН болған.
Тәртіп сақшылары кейін журналист ұсталғанын және оны толығымен шешіндіргенін айтты. Видеоға түсіріп, мұны “іздеу” деп түсіндірді.
Полицияның өзі бұған соттың рұқсаты бар екенін мәлімдеді. Алайда, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис Дүйсенованы жалаңаш күйінде түсірген полицейлердің әрекетінің нәтижесінде Қазақстан БҰҰ-ның азаптауларға және басқа да қатыгездікке қарсы конвенциясын бұзды деп санайды. Бұл ретте Ішкі істер бірінші вице-министрі Марат Қожаев Қазақстан Конвенцияны бұзбағанын, елдегі тәртіп сақшылары жоғары лауазымды тұлғаларды жеке тінту кезінде жалаңаштағанын айтты.
Естеріңізге сала кетсек, 11 тамызда журналист Сандуғаш Дүйсенованы ұстады деген ақпарат тарады. Полицияның ресми ақпаратына сүйенсек, қоғам белсендісін «Жеке өмiрге қолсұқпау және дербес дерек пен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу» (147-бап) бабы бойынша айыпталған еді.
Сонымен қатар ол Талдықорғанда Қаңтар оқиғасы кезінде алаңда жатқан бұзылған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші бейнеленген «Дәуірдің ақыры» атты әлемді шарлаған фотосуреттің авторы ретінде белгілі. Бұл сурет үшін Дүйсенова MediaCAMP Award 2022 халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.