Танымал тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы ән айтып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
БАҚ өкілі үйінде отырып, Медеу Арынбаевтың репертуарындағы “Дариға – жүрек” әнін шырқады.
Мен емес, жасанды интеллект қой айтып отырған, десең иә?! Жасанды интеллект дамыған заманда бай болғыңыз келсе, мынандай қасиет болу керек екен: Икемділік – өзгерістерге бейімделіп, жаңа технологияларды тез меңгеру. Шығармашылық – стандарттан тыс ойлап, жаңа идея, шешімдер ұсыну. Үздіксіз оқу – білім алуды тоқтатпай, дағдыларды жаңартып отыру. Тәуекелшілдік – жаңа бастамаларды жүзеге асыруда қорықпау. Тез әрекет ету.
Мықты коммуникация – адамдармен тез байланыс орнатып, ынтымақтастық құра алу. Мәселе шешу қабілеті – күрделі жағдайларда шешім таба білу”, – деп жазды журналист.
Сондай-ақ ән салып отырғанда Димашқа ұқсап кететінін де әзілмен жеткізді.
“Несі бар, өзіме Димаштың дауысындай естіліп тұр. 100 мың лүпіл жинасам, клип түсірем”, – деп әзілдеді БАҚ өкілі.
Желі қолданушылары да түрлі пікір білдіріп, керемет шырқайтынын жарыса жазып жатыр.
“Даусы бар адамдарға қызығамын”, “Елдің бәрі Роза Рымбаева емес, әнге әркімнің бар таласы”, “Жүргізуші болып жүре бересіз-ау”, “Анда-санда болып тұрады, шабыт келгенде шырқайтынымыз бар”, – деді көпшілік.
Еске салайық, Ләйлә Сұлтанқызы той өткізу форматын өзгертуді ұсынғанын жазған едік.