Алматинская область

«Жүрегіне қайшы қадаған»: Алматы облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол салған

Алматы облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Балқаш ауданында пәтерлердің бірінде 31 жастағы полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл факт ҚК-нің «Суицидке жеткізу» бабы бойынша дереу тіркелді.

«Мерт болған азаматтың отбасылық қарым-қатынастарда жеке проблемалары болды, бұл қылмыстық істі тергеу аясында да тексеріледі», – деп түсіндірді аймақтық ПД.

Ол өзінің жүрегіне қайшы тыққан делінеді.

Қазір құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайларын толық тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Облыстық полиция бастығы тергеу барысын жеке бақылауға алды.

Другие новости

Back to top button