ГлавноеГосорганы

«Жүрегі тоқтап қалған»: Атырау облысында мен далада қайтыс болған сарбаздың өліміне қатысты ресми мәлімет айтылды

Нұрбек Ерғалиев 2022 жылдың 17 тамызында көз жұмған

Ұлттық қауіпсіздік комитететінің баспасөз қызметі Атырау облысында қайтыс болған сарбаздың өліміне қатысты ресми мәлімет таратты деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«2022 жылғы 17 тамызда Атырау облысында Мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызметін өткеріп жүрген Шекара қызметінің әскери қызметшісі Ерғалиев Нұрбек қайтыс болды. Сот-медициналық сараптау нәтижесі бойынша «кенеттен болған жүрек өлімі» анықталды. Әскери қызметшінің өлімі фактісіне қатысты тергеу органдары қылмыстық іс қозғады», — деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Өз кезегінде шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы «әскери қызметшінің туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, қаза тапқан адамның отбасына қажетті көмек беру шараларын қабылдап жатқанын» хабарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атыраудағы шекара қызметінің 2016 әскери бөлімінде Отан алдында борышын өтеп жүрген сарбаз – Нұрбек Ерғалиев иен далада қалып, қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.

 

Другие новости

Back to top button