ГлавноеГосорганы

Жұмагелдиев, Ысқақов, Құдайберген не үшін сотталды – сот егжей-тегжейін жариялады

Дикий Арман — Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобына Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырып,  адамдарды ұрлап әкетті деген айыпталып, бүгін сот үкімі шықты. Ulysmedia.kz тілшісі қылмыстық топ құрамындағы адамдардың қанша жылға, не үшін сотталғанын анықтады. 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Қылмыстық іске қатысты үкім 27 қаңтарда Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды. Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының басшылары мен қарулы тобының мүшелеріне, сондай-ақ ҚР ҰҚК 5-бөлімінің экс-басшысы Руслан Ысқақовқа, Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенге және басқа тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қаралды.

ЫСҚАҚОВ ПЕН ЖҰМАГЕЛДИЕВТІҢ БАЙЛАНЫСЫ

Сот 2016 жылы Руслан Ысқақов ҰҚК 5-бөлімінің басшысы болған кезінде ұлттық қауіпсіздік органдары қолдайды деп уәде беріп, Жұмагелдиевті серіктес болуға шақырғанын анықтады. ҰҚК-нің қолдауына ие болған Жұмагелдиев Қазақстан аумағында және одан тысқары жерлерде қылмыстық тұрғыда беделді бола түсу үшін қылмыстық ұйым құрған.

Жұмагелдиев қылмыстық ұйымға өзі бұрыннан танитын, психологиялық тұрғыда мықты, қылмыстық қудалаудан қорықпайтын және физикалық дайындығы мықты адамдарды тартқан.

Жұмагелдиевтің қылмыстық ұйымының мүшелері ұйымдық, функционалдық және аумақтық деп топтарға бөлініп, тікелей Дикий Арманға бағынып отырған.

Ысқақов сол бөлімдердің бірін басқарған. Руслан Ысқақовтың басқаруында болған ҰҚК бөлімшесі Жұмагелдиевтің қылмыстық тобына бәсекелес бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топтардың көзін жойып отырғанымен, Жұмагелдиев қылмыстық тобының заңсыз әрекеттерін тоқтатуға ешқандай шара қолданбаған.

2017 жылдың желтоқсанынан бастап Жұмагелдиев қылмыстық ұйымын Түркия арқылы басқарып, ұйым жетекшілері мен мүшелерінің кездесуін Қазақстанда, Түркияда және БАӘ-де өткізген.

Ұйым жүйелі түрде ықпалын арттырып және ақшалай пайда табу мақсатында әлсіз, қиын жағдайда жүрген адамдарды іздеумен айналысты. Мысалы, 2021 жылдың маусымында ұйым мүшелері Түркістан облысының тұрғынының 25 млн теңге қарызы бар екенін біліп, оны ұрып-соғып, 23 млн теңге төлеуге мәжбүрлеген.

БИЛІКТІ БАСЫП АЛУ ӘРЕКЕТІ

2022 жылдың басында Ысқақов, Жұмагелдиев және Құдайберген билікті күшпен басып алу мақсатында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруда басты рөл атқарған.

ҚАЙРАТ ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖАЙЛЫ

Қаңтар оқиғасы кезінде Қайрат Құдайберген «Қазақстан» қонақүйінде штаб құрып, Жұмагелдиевтің қылмыстық тобын шақырып, оларды қаруланған топтың әрекеттерін ұйымдастыруға жұмылдырған.

Сотта 2022 жылдың 5 қаңтарында Жұмагелдиевтің тобы екі рет Алматының Республика алаңына жиналып, жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларды біріктіру және билікке талап қою үшін «Халық кеңесін» құруды жоспарлағаны анықталды.

Сот 2022 жылдың қаңтарында қылмыстық топ бейбіт тұрғындарды заңсыз ұстап, оларды «Қазақстан» және «The Ritz Carlton Almaty» қонақүйлерінде қамауда ұстағанын анықтады. Ұсталғандарды ұрып-соғып, мазақтап, жалған айғақ беруге мәжбүрлеген.

СОТ ШЕШІМІ

Соттың бүгінгі шешімі бойынша Жұмагелдиев ҚР ҚК-нің бірнеше баптары бойынша кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ысқақов – 15,6 жыл, Құдайберген – 8 жыл, топ мүшелері – 10-15,5 жылға, басқа қатысушылар – 1,5-7 жылға сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Другие новости

Back to top button