Культура

Жұлдызай:Қыз-келіншектер, “Ойбай, ата-енем, күйеуім” деп шапқылай бермеңіздер

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығының күрт нашарлап кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

“Қыз-келіншектер, “Ойбай, ата-енем, күйеуім” деп шапқылай бермей, өздеріңізді күтіңіздер. Ауырсаңыз ешкімге керек емессіздер. Бүгін дәрігер қабылдауында болдым. Жағдай мәз емес. Дегенмен үміт бар. “Ашуланбаңыз, сізге болмайды” дейді. Мені ашуландырып жатқандар, сендердің кесірлерің тиіп кетіп жүрмесін. Маған әлі өмір керек. Аянатым үшін, Алла шипа берші”, – дейді актриса.

Бұған дейін Жұлдызай Дүйсенбиеваның шұғыл ауруханаға түскені жайлы жазған болатынбыз.

 

Другие новости

Back to top button