Культура

Жұлдызай Дүйсенбиева: «Мамандықтан да, өмірлік жар таңдаудан да қателеспедім»

Белгілі актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өмірде өз орнын тапқанын айтып, мақтанды.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

“Адам мамандық таңдауда және өмірлік жар таңдауда қателеспеу керек дейді. Шүкір, қателеспедім деп ойлаймын. Екеуі де орнында. Өз мамандығымды жақсы көремін. Түсірілім алаңында өзімді суда жүзген балықтай сезінемін. 4 айға созылған түсірілімдерді аман-есен, абыроймен аяқтадық. Сағынып қалмаңыздар, мен демаламын-ау. Сәл демалып алайын, жақсы жағалықтар көп”, – деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева.

Айта кетейік, бұған дейін актриса күйеуінің туған-туысымен қоштасып, дүниеге жалғыз қызы Аянаттан басқа перзент алып келе алмайтынын айтқан болатын. Сондай-ақ ол денсаулығы сыр беріп, Өзбекстанда ота жасатпақ болғанын да жасырмады.

Другие новости

Back to top button