Социум

«Жүйкемізді тоздырды»: Ләйлә Сұлтанқызы Бишімбаев ісіне қатысты пікір білдірді

Танымал журналист, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әйелін өлтірді деп күдікке ілінген экс министр Қуандық Бишімбаевтың соты басталған еді.

“Жүйкемізді тоздырды.Кешегі сотты көрмеген, “Құдай сақтасын” деп жағасын ұстамаған, өзара талқыламаған саналы ересек адам қалмаған шығар бұл елде… Ішкен-жегеніңді асқазан 3-4 сағатта қорытса, ал бұл істі миымыз сағаттап тұрмақ, күндеп, апталап, айлап қабылдай да , түсінбей де, “қорыта” да алмай келе жатыр. “Пачақ-пачағын” шығарып, толып тұрған дәлелмен екі отырыста-ақ қылмыскер қатаң жазасын алып, сотталатынына сенгендер қатарында мен де бар едім. 4 айдан асты, біз небір сорақылық, небір
заңсыздыққа жол берілгенін (Заңгер емеспін, жеке ойым) көріп отырмыз. Алла сабыр бере көр”, – деп жазды журналист.

Айтуынша, қылмыскер тиісті жазасын алмаса, қоғамның жүйкесі сыр беріп, наразы болуы мүмкін.

“Қылмыскер біз ойлағандай жазасын алмайтын болса, міне сол кезде жүйкеміз қатты сыр беріп, бар жанайқайымыз шығатын сияқты… Байқайсыздар ма, заң бойынша салқынқанды болу, бейтарап танытып, соттың әділ, соңғы шешімін күтудің өзі қиынға соғып барады. Қыз тағдыры – ойыншық емес!”, – деді продюсер.

Айта кетейік, жұбайын қатыгездікпен өлтірді деген экс-министрден судья сот барысында жауап алуға рұқсат бергенін жазған едік.

Одан кейін Салтанат Нүкенованың ағасы марқұмның соққыға жығылған кезіндегі суретін көрсетті.

Другие новости

Back to top button