Культура

«Жөндеу жұмыстарымен көмектесермін»: Максим Галкин Қазақстандағы концерт алдында келеңсіз жағдайға тап болды

Ресейлік танымал әзілкеш Максим Галкин концерт залдарындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Алматы және Астана қалаларында кеш өтпейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Екі аптадан кейін Қазақстанда концерт өткізуім керек еді. Барлық билеттер сатылып кетті, залдар үлкен, көрермен көп, көбі басқа қалалардан ұшып келеді. Ал бүгін Алматыда сахна механикасы бұзылыа, Астана қаласындағы залда суқұбыры істен шыққаны белгілі болды. Сол себепті екі зал да екі апталық жөндеу жұмыстарына жабылып, менің концертім өтпейтінін айтты. Бұл қалай болғаны? Осы сәтте бірнеше ой келді: Мен жөндеу жұмыстарымен көмектесе аламын ба? Мүмкін үлгерерміз? Мен көрерменмен қауышқым келеді. Егер концерттерді шегерсек, бізге басқа күндерді бере ме? Концерттерді басқа күндерге шегерген жағдайда, алдын ала кәріз жүйесінде ақаудың бар, жоғын тексеріп алу керек пе”, – деп жазды Максим Галкин.

Алматы және Астана қалаларындағы аталмыш концерт өтетін залдар ресми мәлімдеме жасады.

“Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! «Алматы қаласы ТЖД Медеу ауданының төтенше жағдайлар басқармасы» ММ 2023 ж. «30» қыркүйек 2023 № 112 нұсқамасына сәйкес 2023 жылғы 1 қазаннан бастап Республика Сарайының концерттік қызметі сахна механикасының апатты жағдайына байланысты шұғыл тоқтатылады.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары мамандарының бағалауы бойынша бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындау үшін екі апталық мерзім қажет.
Сол себепті осы мерзімге жоспарланған барлық концерттер тоқтатылады.
«Алматы әуендері» КМҚК әкімшілігі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын тезірек аяқтау үшін барлық тиісті шараларды қолданады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!”, – деп жазды “Алматы әуендері” ұжымы Instagram-дағы парақшасында.

“Құрметті астаналықтар мен елорда қонақтары! 2023 жылғы 4-10 қазан аралығында «Астана Су Арнасы» МКК Д=150 мм., Д=400 мм. (Астана LRT жобасы бойынша желілерді шығару) су құбыры желілерінде техникалық жұмыстар жүргізіліп, Мәңгілік ел даңғылы 10/1 мекенжайы бойынша ауыз су беру тоқтатылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты, «Qazaqstan» Орталық концерт залында жоспарланған барлық іс-шаралар көрсетілген мерзімде тоқтатылады.Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз”, – делінген «Qazaqstan» орталық концерт залының сайтында.

Алайда концерт ұйымдастырушылары әртістің кеші өтпейтіні жайлы хабарлама түспегенін мәлімдеді.

«Qazaqstan» орталық концерт залының жариялаған хабарламасы концерт ұйымдастырушылармен келісілген жоқ. Астана қаласының әкімдігі мен «Qazaqstan» орталық концерт залының ұжымы алғаш рет аталмыш концерттің өтпейтіні жайлы ақпарат қоғамдық резононанс тудырғанын біледі. Ал концертке бір апта қалғанда ұйымдастырушылардың келісімінсіз желіде жариялаған бұл мәлімдемесі кешті қасақан өткізбеу үшін жасалған әрекет деп қабылданбақ”, – деп жазды концерт ұйымдастырушылары.

Айта кетейік, бұған дейін Максим Галкин белгілі бір себептермен Қазақстанда концерт өткізе алмайтынын айтып, өкініш білдірген болатын. Күні кеше әртістің продюсері Алексей Пучков желдегі парақшасында концерттің афишасын жариялап, кештің өтетінін растады.

Еске салайық, Максим Галкин Ресей Федерациясы әділет министрінің 2022 жылдың 16 қыркүйегіндегі шешімімен шетелдік агент болып танылған болатын.

Другие новости

Back to top button