Госорганы

Жолға шықпаңыз — жүргізушілерге маңызды ескерту жасалды

Ауа райының қолайсыз болуына байланысты екі республикалық жолда жүру шектелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

13 наурызда сағат 13:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

— «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 729-768 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы — Тоқсан ауылы).

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

— «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 686-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы — СҚО шекарасы).

Жолды 2025 жылғы 14 наурыз сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Другие новости

Back to top button