Госорганы

Жолға мал шыққан жағдайда ескерту жасайтын технология сынақтан өткізіле бастады

Жолшылар жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын-алуға мүмкіндік беретін жаңа технологияны сынақтан өткізе бастады, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».

 

Республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» күре жолының 102 шақырымында жануарлардың кесірінен болатын жол апаттарының алдын алуға арналған «Қорғау» автономды жарық-сигналдық кешені сынақтан өтіп жатыр.
Мамандар бұл тәжірибелік-эксперименттік учаскені жолдың екі жағында мал шаруашылығы болған соң таңдады.
Сынақтан өтіп жатқан кешен зияткерлік коммуникация жүйесіне негізделген бірнеше құрылғыдан (посттардан) тұрады. Бұл технологияның басты артықшылығы — көлік жүргізушілері қараусыз жайылған үй жануарлары кенеттен жол бойына шыққан кезде ескерту сигналын алады. Құрылғы күндіз де, түнгі уақытта да жұмыс істейді.
Технологияны отандық «Nur-Saylet» компаниясы ойлап тапты.
Технология сынақтан сәтті өткен жағдайда оны басқа да республикалық маңыздағы тасжолдарға орнату көзделіп отыр.

Другие новости

Back to top button