Социум

Жолдау экономикалық реформаларды жүргізуге мүмкіндік беретін маңызды құжатқа айналды – Дәулет Тұрлыханов

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыханов әлеуметтік желідегі парақшасында, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауына қатысты пікірімен бөлісті.

 

«Құрметті қазақстандықтар!

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауын тыңдадық.

Зер салып қарасаңыз бұл құжатта халықты толғандыратын барлық өзекті мәселелер қамтылған.

Негізгі бағыт мемлекеттің экономикалық саясатын жаңғыртуға бағытталған, бұл халықтың табыс деңгейін арттыру. Президент 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге дейін арттыру керек деп тілге тиек етті. Бұл осы көрсеткішке байланған бірқатар әлеуметтік қолдауды, оның ішінде, әсіресе, әлеуметтік осал топтарды қолдаудың қаржылық көлемін арттырады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлы озық су үнемдеу технологияларын енгізу, қоршаған ортаның технологиялық және экологиялық жай-күйін, кәсіпорындардағы денсаулықты қорғау жүйесін жақсарту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, сақтаудың және өткізудің толыққанды желісін құру, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін нығайту, көліктік-логистикалық әлеуетті іске асыруқажеттігін атап өтті, көлік саласындағы Ресеймен және Қытаймен ынтымақтастық,»Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу, цифрландыруды дамыту және инновацияларды енгізу, «Отбасы банкінің» қызметін қайта жүктеу, тау-кен секторын басқару жүйесін жаңғырту және басқа да маңызды мәселелер туралы айтып өтті.

Сонымен қатар – ел болашағы жастар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қолдау сен қорғау сұрақтарына ерекше мән берді. Қол жетімді, сапалы білім беру, салауатты өмір салтын ұстануға толыққанды жағдай жасау сияқты өзекті бағыттарды атап өтті. Оларға қамқорлық таныту – жарқын болашаққа жасалған басты қадам екенін айшықтады.

Бөлек айтатын нәрсе – елімізде атом электр станциясын салу бойынша жалпыұлттық референдум өткізу. Биліктің халықпен ақылдасуы өркениетті елдерге тән.

Экономикамызды одан әрі дамыту үшін іргетас болуға тиіс бірнеше ауқымды міндеттер жарияланды. Осы және басқа да мәселелердің барлығын шешу қажет. Оны қадағалау мен ат салысу Сіз бен бізге міндет.

Жолдау экономикалық реформаларды жүргізуге мүмкіндік беретін маңызды құжатқа айналды. Мен Мемлекет басшысының барлық бастамаларын толығымен қолдаймын және бәрі өзімізге, яғни халқымызға байланысты деп ойлаймын. Біз қазір алға қойылған міндеттерді іске асыруға біріге отырып, көшуіміз керек!»

Другие новости

Back to top button