Северо-Казахстанская область

Жол шетінен табылған екі мәйіт пен арбадағы бала: СҚО-да күдікті екі айға қамалды

СҚО-да әйел мен ер адамның өліміне қатысты күдікті екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

8 тамызда 29 жастағы Петропавл тұрғынына қатысты сот сараптама мен тергеу барысында екі айға қамауға алу туралы бұлтартпас шарасын тағайындады.

Еске салайық, 5 тамызда полицияға Қарақоға мен Надежка ауылдары арасындағы жолда екі мәйіттің жатқаны туралы мәлімет түскен. Көп ұзамай жол шетінен арбада жатқан сәби табылды.

Тергеу шаралары барысында полиция механикалық зақымдары бар Toyota Land Cruiser көлігін анықтады. Ал көз жұмғандар 1985 және 1988 жылдары туған жергілікті тұрғындар екен.

Другие новости

Back to top button