Госорганы

Жол саласы мамандарының цифрлықбанкін толтыру жұмыстары басталды

«ҚазжолҒЗИ» АҚ Оқу орталығы жолшылардың бірыңғай біліктілік базасын толтыру үшін деректерді жинау бойынша жұмыстардың басталғаны туралы жариялады.

Осылайша 2023 жылдың сәуір айының басында«ҚазжолҒЗИ» АҚ Оқу орталығы жол саласыныңбірыңғай біліктілік базасын толтыруға кіріскенболатын. Институт сайтында жол құрылысындағыЖОО түлектері сынды болашақ мамандар мен қазіргіинженерлер, шеберлер, жобалаушылар туралы әрібасқа да мәліметтер жинау бойынша жұмыстарбасталды.

«Институттың сайтында деректерді жинаутуралы хабарландырумен бірге біз жол саласыныңстуденттері, қызметкерлері мен компанияларысауалнамаға қатысып, деректерді толтыруғамүмкіндік алатын сілтеме жарияладық. Жалпыцифрлық база жол еңбек нарығын талдауғамүмкіндік береді», деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ Цифрландыру басқармасының басшысы ҚұрманғазыТілеу.

Жолшылардың бірыңғай біліктілік базасыбұлсалалық еңбек биржасы немесе мамандардыңцифрлық қоры. Біліктілік базасы арқылы мердігерұйымдар онлайн режимінде жолдарды жобалау, олардың құрылысы және қайта құру үшін қажетмамандарды таба алады. Өз кезегінде жолқұрылысшылары өздерінің кәсіби құзыреттеріндамытуға ынталы болады. Өйткені аталған базадаолардың дағдылары мен оқыту курстарынанөткендігін растайтын сертификаттар қолжетімдіболмақ.

«Біліктілік базасы ҚР автожолмамандарының санаты, өтілі, дағдылары мен сертификаттары туралы мәліметтердісақтайды. Біздің болжамымыз бойынша, бұлбазаның көмегімен білікті кадрлардыңжетіспеушілігі сияқты проблеманы шешеаламыз», деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ Оқу орталығыныңдиректоры Гүлжамал Омарова.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдыңжелтоқсанында «ҚазжолҒЗИ» АҚ жол саласымамандарының бірыңғай біліктілік базасыныңжобасын жариялап, оны әзірлеумен айналысты. Институт қазірдің өзінде жүйенің прототипіндайындап, авторлық құқыққа ие болды. Ақпараттықжүйені іске қосу 2023 жылдың жаз айларынажоспарланып отыр.

Другие новости

Back to top button