Госорганы

Жол құрылысына бөлінген 43,4 миллиард теңге ұрланды

Қазақстанда жол құрылысы кезінде 43,4 миллиард теңге ұрланған. Осыған байланысты Бас рокуратура 23 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Бас прокуратура «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ға, Автомобиль жолдары комитетінде және жергілікті әкімдіктерге тиісті тексерулер жүргізген.

Жол құрылысы кезінде 43,4 миллиард теңге ұрланған, ол түгелдей дерлік «ҚазГерСтрой» ЖШС қалтасына түскен. Сонымен қатар сегіз жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бөлінген қаражатты тиімсіз пайдалану деректері анықталды,

— делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

 

Бюджет ақшасын жымқыру үшін мердігерлер құрылыс материалдарына 70 жалған сертификатты пайдаланған, он жағдайда стандартқа сәйкес келмейтін материалдар пайдаланылған.

Бас прокуратураның мәліметінше, шенеуніктер мердігерлердің орындалмаған шарттық міндеттемелер мен тұрақсыздық айыбы бойынша қарыздарына да көз жұмған.

Нәтижесінде мердігерлердің шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін өтелмеген дебиторлық берешегі 6,8 миллиард теңге, ал өсімпұл сомасы 636 миллион теңге болған,

— деп хабаралады Бас прокуратура.

 

Прокуратурада алым жинау жүйесін енгізу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы да сұрақтар көтерілді.

Олар жеткізуші — Computer Vision Technologies ЖШС қызметтерінің бағасы үш есе артып, 138,8 миллиард теңге болуымен байланысты болды.Қазір қаражатты иемдену мен ысырап ету, лауазымдық өкілетті теріс пайдалану бойынша 23 қылмыстық іс қозғалды,

— делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

 

Ресми ақпаратқа сәйкес, прокурорлар 24 миллиард теңге болатын бюджет шығынының алдын алып, 17,3 миллиард теңге болатын заңсыз тендердің нәтижелерін жойды.

Другие новости

Back to top button