Назначения и отставки

Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды

Дана Тоқмырзина басқа қызметке ауысты

Сенат отырысында Қазақстан Президентінің Дана Айтмағанбетқызы Тоқмырзинаны Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметінен босату туралы ұсынуына Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстан Президентінің ұсынымын Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шип таныстырды.

«Сіздердің қарауларыңызға Жоғарғы сот судьясы Дана Тоқмырзинаны қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы ұсынылып отыр. Дана Айтмағамбетқызы Жоғарғы сот судьясына салық, кеден және кәсіпкерлік құқық саласындағы тәжірибесіне қарай іріктеліп алынды. Тоқмырзина Жоғарғы сот судьясы ретінде әкімшілік әділет, арнайы әкімшілік соттардың құрылуы сынды жұмыстар атқарылды. Жоғарғы соттта істеген 2 жыл уақыт ішінде Дана Тоқымырзина көптеген жұмыс атқарды. Қазіргі таңда ол корпоративтік секторға оралу туралы шешім қабылдады. Мемлекет басшысының Дана Тоқмырзинаның басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босату туралы ұсынымын қолдауға шақырамын», — деді ол.

Сенат комитеті осы мәселеге қатысты қорытынды шығарды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы негізінде және Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 34-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті мынадай қорытындыға келді: Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына Дана Айтмағанбетқызы Тоқмырзинаны басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметінен босатуға ұсыным жасалсын», — деді Андрей Лукин.

Другие новости

Back to top button