Госорганы

Жоғарғы сот ұшақта мас күйінде шу шығарған ер адам Тұрсынбек Қабатов екенін растады

Ұшақ бортында мас күйінде стюардессаға боғауыз сөздер айтып, жолаушылардың мазасын алған құқықбұзушы шоумен Тұрсынбек Қабатов болып шықты. Бұл ақпаратты Жоғарғы сот Azattyq Rýhy тілшісіне растады.

Шоумен қатысты істі Астана қалалық Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қараған.

Іс материалдарына сәйкес, шоумен ұшақ бортында мас күйінде әдепсіз сөздер айтқан. Сотта ол стюардессалардың нашар қызметіне көңілі толмайтынын айтып, оларға өз ескертуін білдірген. Ол өзінің әдепсіз сөз айтқаны немесе айтпағаны есінде жоқтығын алға тартқан, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұраған.

Қабатовтың кінәсі куәгердіңайғақтарымен, жолаушыны полицияға беру актісімен, бейнежазбамен және медициналық сараптама қорытындысымен расталды.

Сот шешімімен шоумен әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулікке қамауға алынды.

Другие новости

Back to top button