Социум

Жоғалып кеткен балықшының денесі қолтырауынның ішінен табылды

Кевин Дармодидің ең сүйікті ісі балық аулау болған

Австралияның Квинсленд штатының Кэрнс қаласына жақын жердегі Кеннеди өзені жағасында балық аулап жүрген Кевин Дармоди есімді тұрғын кенеттен жоғалып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Mirror басылымының жазуынша, Австралия полициясы ер адамның балық аулауға демалыс күндері кеткенін мәлімдеген.

65 жастағы ер адамға қолтырауын шабуыл жасауы мүмкін деген болжам туристердің жауабынан кейін пайда болған. Олар қатты айғайлаған ер адамның дауысы мен су шолпылын естігенін айтқан. Осы нұсқаны қаперге алған полиция дереу құтқару бригадасы мен сүңгуірлерді өзенге жөнелтеді.

Артынша су жағасынан балықшының аяқ киімі табылған.

Полицияның пайымдауынша, ер адам су жағасында балыққа жемтік іздеп жатқанда, оған қолтырауындар тап берген.

Сейсенбі күні 4,1 және 2,8 метрлік екі қолтырауын өлтірілгеннен кейін, іздеу жұмыстары тоқтатылды.

Өкінішке қарай, Дармодидің денесі бауырымен жорғалаушылардың бірінің ішінен табылды.

Другие новости

Back to top button