Госорганы

Жиын-тойды азайтып, миллиартаған ақшаны үнемдедік – қаржы министрі

Биыл имидждік шаралар мен іс-сапарларға бөлінетін қаржыны, жеке шығындарды азайту арқылы 360 млрд теңге үнемделді. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Үкіметте өткен брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл бюджетті үнемдеу болды. Алдағы уақытта да аталған бағыттар үшін бюджетке салмақ салмаймыз», — деді ол.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, сондай-ақ бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Үкіметке, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берген еді.

Другие новости

Back to top button