Улытауская область

Жезқазған жылусыз қалуы мүмкін – Сенатор Үкімет басшысына жүгінді

 

С. Шайдаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында өмірлік маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударғанын атап өтті.

«Мәселен, Жезқазған қаласын сумен жабдықтайтын Есқұла су құбырының құрылысына тоқталсақ, 2021 жылы нысан аяқталуы керек еді. Бірақ 530 миллион теңге сомасындағы қаражат игерілмегеннен нысан тапсырылмай қалды. Жобаны аяқтауға биыл 427 млн теңге қарастырылған. Сіз (Үкімет басшысы Әлихан Смайылов) Ұлытау облысына сапармен барған кезде, осы жылдың маусым айында кестеге сәйкес нысанды тапсыру туралы тапсырма бердіңіз. Алайда қазірге нысан пайдалануға берілмеген, жауапты министрлік жағынан бақылау болмады. Жалпы, нысан биыл берілмейді деген күдік бар», — деді депутат.

Сонымен қатар С. Шайдаров Жезқазған қаласының басқа да маңызды объектілері, оның арасында су құбыры, шаруашылық ауыз су тазарту нысандары мен жылу желілері бойынша проблемаларды айтты.

«Жезқазған қаласындағы ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығы мәселесіне де тоқталғым келеді. Өңірге барған кезде, біз осы нысанды аралап, жөндеу жұмыстарының орындалу барысымен таныстық. Ондағы негізгі энергетикалық жабдықтардың тозығы жеткен. Станциядағы қазандық агрегаттарының орташа тозуы 74 пайызды, турбиналардың тозуы 63 пайызды құрады. № 8, 10-шы қазандықтарды жаңарту іс жүзінде жүргізілмеген. Негізгі жабдықтар бойынша күрделі жөндеу бекітілген мерзімде атқарылмағанын ескерсек, алдағы жылу беру маусымы басталатын кезде бұл жабдықтардың дайын болмауы қаупі бар», — деді сенатор.

Другие новости

Back to top button