Спорт

Жезөкшелікпен айналысқандардың балаларға сабақ бергені анықталды

АrtSport бағдарламасы аясындағы дау-дамай арылмай тұр. Бас прокуратура 1 миллиард теңге қаржы талан-таражға түскенін анықтады, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Шенеуніктер алты мыңға жуық баланы үйірмелер мен секцияларға тіркеген, бірақ олар іс жүзінде ештеңеге қатыспаған болып шықты. Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы үйірмелерде оқушыларды спортқа қатысы жоқ адамдар дайындағаны белгілі болды.

 

Тіпті бұрын жезөкшелік және жыныстық қолсұғушылық қылмысы үшін сотталғандар жұмыс істеген. Ал басқа облыстарда үйірме және секция залдары санитарлық талаптарға сәйкес келмеген,

— делінген хабарламада.

 

Тапсырыс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бір де бір қорытынды алынбаған.

 

Прокурорлардың алаяқтық, ұрлық, пара беру және пара алуды анықтаған фактілері бойынша (18 іс) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы басталды. 16 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сол сияқты 94 бизнес субъектісінің құқығы қорғалып, 50 жалдау шарты бұзылған.

Бас прокуратураның мәліметінше, енді әр балаға бір ваучерден ғана беріледі, ал бұрын екеуін бірден алуға болатын еді.

Жаңа ережелер кәмелетке толмағандардың санын көбірек қамтуға сеп болады. Сондай-ақ кейбір бөлімдерде жас шегі төмендетілді, мысалы, еркін күреске бұдан былай тек 10 жастан бастап жазылуға болады. Сонымен қатар үйірме ұйымдастырушыларына қатаң санитарлық талаптар қойылмақ.

Другие новости

Back to top button