Акмолинская область

«Жезөкшелерге бардың деп, түрмемен қорқытқан»: Көкшетауда жалған құжатпен полицей атын жамылған алаяқ тұрғынды бопсалаған

Көкшетауда 23 жастағы тұрғынды жалған құжатпен өзін полицеймін деп таныстырған алаяқ бопсалаған. Жігіт қонақүйден шыққан бойда алаяқ ізіне түсіп, жеңіл жүрісті әйелдерге барғаны үшін түрмеге қамалатынын айтып қорқытқан, деп хабарайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Азамат кейін жалған полицейге бір миллион теңге берген. Жәбірленушінің айтуынша, ақшаны ол бопсалау арқылы алған. Полицейлер алаяқты ұстады. Оның мүлкі тәркіленіп, екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
“Күдікті уақытша жұмыссыз 28 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны болып шықты. Ол өз әрекетін мойындады. Жеке тінту барысында күдіктіден полиция қызметкерінің жеке куәлігінің мұқабасы мен ақшалай қаражат тәркіленді”,- деді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Другие новости

Back to top button