Госорганы

Жетісу облысында Тоқаев бағдарламасындағы аграрлық сектор басымдықтары талқыланды

Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Жетісу облысының тұрғындарымен кездесті

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Жетісу облысының тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Халықтық коалицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде РҚШ мүшелері кандидаттың тарихи мұраны сақтау, мәдениетті қолдау және отандық өнерді дамыту бойынша ұсынған шараларын талқылады.

 

«Қоғамдық келісімді нығайту, жастарға дұрыс тәрбие беру және өскелең ұрпақтың бойына жасампаз құндылықтарды сіңіру ісінде зиялы қауым өкілдері айрықша рөл атқарады. Сіздердің жастармен әңгімелесіп, оларды белсенді болуға, 20 қарашада сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырғандарыңыз маңызды», – деп атап өтті Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов.

Жергілікті кәсіпкерлермен және шаруалармен кездесуде кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан шағын және орта бизнесті қолдау шаралары талқыланды.

 

Бұдан соң, Балпық би ауылында РҚШ мүшелері Көксу қант зауытының еңбек ұжымымен кездесіп, бизнес пен еңбек адамын қолдау жөніндегі басымдықтарды талқылады.

Осы күні РҚШ мүшелері өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың және жастар ұйымдарының басшыларымен бірге сайлауалды бағдарламаның Қазақстанды саяси жаңғыртуға арналған блогын талқылады.

Ерлан Қошанов жастарға Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау науқанына белсенді қатысқандары үшін алғысын білдіріп, олар ел болашағының дамуына өз үлесін қосып жатқан нағыз патриоттар екенін атап өтті.

Другие новости

Back to top button