Жетысуская область
Жетісу облысында тасжолдың екі бірдей тұсын еріген қар суы шайып кетті (ВИДЕО)

Жетісу облысының Ақсу ауданында тасжолдың екі бірдей тұсын еріген қар суы шайып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның барысы Instagram желісінде жарияланды. Онда Ақсу-Ойтоған тасжолын су басып қалғаны айтылды.
Тағы бір видеода Қопа ауылында еріген қар суынан көпірдің бір бөлігі опырылып түскені көрсетілген.