Жетысуская область
Жетісу облысында аулада ойнап жүрген үш жасар бүлдіршін жоғалып кетті
Жетісу облысында із-түзсіз жоғалған үш жасар бала төрт күннен бері табылмай жатыр. Бүлдіршін аулада ойнап жүрген жерінен ізім-ғайым жоқ болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қазір кішкентай Алдиярды дүйім Көксу ауылы іздеп жүр. Сай-сайды аралауға төтеншеліктер, тәртіп сақшылары мен еріктер де қосылған. Жалпы 400 адам жұмылыпты.
Бірақ төрт күннен бері нәтиже жоқ. Тек бүлдіршіннің өзен бойындағы көпірден өтіп бара жатқанын көргендер бар.
Бас бармағын үнемі аузына салып жүретін әдеті бар Алдиярдың жоғалған күні үстінде ақ жемпірі, қара шалбары болған.