«Жетісу Жастары» «Mi battle» зияткерлік ойынының облыстық финалын өткізді
Ағымдағы жылдың 4 тамызында «Жетісу Жастары» «Mi battle» зияткерлік ойынының облыстық финалын өткізді.
Талдықорған еліміздің зияткерлік астанасы . Соңғы 5 жылда Жетісуда (Алматы облысы кезіндегісін де санасақ) облыстық және республикалық деңгейде он шақты ойын өтті. Қалада бес зияткерлік лига бар. Әр лигада 15-25 команда күш сынасады. Республикалық жарыстарға да қатысып жүрген жергілікті құрамалар жүлделі орындарды алып, көзге түсіп жүр.
Ал облыстық финалға оралсақ, 12 іріктеу ойыннан сытылып шыққан үздік 25 топ қатысуға мүмкіндік алды.
Ойын нәтижесі төменде:
1 орын — «Самавар»(Текели)
2 орын — «Мағрипа Харипуллаевна»(Талдықорған)
3 орын — «Антонио Фагундес» (Талдықорған)
3 орын — «5К» (Көксу ауданы)
4 орын — «Digital» (Талдықорған)
5 орын — «Сделано в СССР» (Талдықорған).
Осы алты топ 1050000 теңгелік жүлде қорын бөліп алды. Тек облыс орталығы ғана емес, аудандық топтардың нәтиже көрсетуі қуантады.
Ойын жүргізушісі — Әділбек Әбіл кезінде КВН және әзіл бағдарламалары саласында еңбек етсе, қазір Жетісу төрінде кино және зияткерлік ойындарды дамытып жүр. Жыл сайын өтетін облыс финал өз мәресіне жетті. Сондай-ақ келесі жарыстарға дайындық басталып та кеткен.