Восточно-Казахстанская область

«Жетім балаларға босқын ретінде үй берген»: Риддердегі балалар үйінің түлектері мемлекеттік пәтерге қатысты шағым жасады

Риддердегі балалар үйінің түлектері мемлекеттік пәтерге қатысты шағым жасады. Бұл туралы Бірінші арна хабарлайды. 

 

Олардың айтуынша, кейбір жетімдердің пәтерлері себепсіз алынып, басқаларына  пәтер берілмеген. Ал Риддердің бұрыннан келе жатқан тұрғындары саналатын жетім балаларға мигрант бағдарламасы бойынша баспана берген.

Людмила Купцова есімді балалар үйі түлегінің айтуынша, билік келісімшарттарды жиі өзгертіп әр жолы құжатқа жаңа мемлекеттік бағдарлама енгізген.

«Біз үйді мигрант ретінде алдық. Қазір енді босқын емеспіз, бізде басқа келісім шарт бар. Ендігі кезекте бұл пәтерді жетім балалар ретінде алдық», — деді қала тұрғыны Людмила Купцова.

Людмила әпкесі Татьяна Борисенконың пәтерін еш ескертусіз тартып алғандай өз үйін де алып қоя ма деп қорқады.

«Өзі Өскемен қаласына кеткендіктен үйінде уақытша тұрмады. Иесі жоқ пәтерді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі екі рет бұзды. Қазір пәтер басқа адамдарға тиесілі. Сіңліммен келісім шартты бұзбай тұрып, мұндай әрекетке бару дұрыс емес деп ойлаймын», — деді қала тұрғыны Татьяна Борисенко.

Жетім балалардың құқығын қорғау қорының директоры Александра Талхигованың айтуынша, түлектер әкімдіктің есігін қағудан шаршаған. Тіпті қоғам белсенділері мәселені шешу үшін үш жылдан бері биліктен көмек сұрап келеді.

«Бұл нағыз жемқорлық. Жетім балалар қоныс аудару бағдарламасына қалай кіреді? Олар бүкіл өмірін Гагарин интернатында өткізді, бұл жерден кетпеді және осы бағдарлама бойынша қоныстанды. Бұл мәселеге дереу назар аударуып, толық тексеріс жүргізуіміз керек», — деді Шығыс Қазақстанның Жетім балалар құқығын қорғау қорының директоры Александра Талхигова.

Қала әкімі жетім балалармен кездесіп, мемлекеттік тұрғын үйге қатысты алаяқтық фактілерінің бар-жоғын анықтауға уәде берді.

«Мәселені шешу үшін бар күшімді саламын. Бұл біріншісі. Екіншісі – Риддерде тұрғын үй салу қажеттілігі бар. Бұл тек жетім балалар санатында емес. Расында да Риддерде баспана жетіспейді. Алғашқы тағайындалғанымда 26 адам жазылды, тұрғын үй қорынан пәтермен қамтамасыз ету бойынша 20 сұрақ көтерілді», — деді қала әкімі Дәулет Батырбаев.

Другие новости

Back to top button