Госорганы

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан қала құрылысы саласында тиісті бақылау жоқ – Бас прокуратура

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан қала құрылысы саласында тиісті бақылау жоқ. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Бас прокурор Берік Асыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Өткен жылы прокуратура органдары астананың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне облыс орталықтарының нүктелік құрылысы бойынша тексерулер ұйымдастырды. Прокурорлық тексерулер жергілікті атқарушы жəне бақылаушы органдар тарапынан қала құрылысы саласында тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетті. Оның салдарынан жер мен құрылысқа рұқсаттар азаматтардың пікірін, инженерлік, көліктік жəне əлеуметтік инфрақұрылым мүмкіндіктерін ескермей беріледі. Әкімдік пен құрылыс компанияларының айла-шарғысы қалалардың жүйесіз салынуына, қалалық ортаның, жасыл аймақтардың тозуына, халықтың өмір сүру сапасының нашарлауына алып келеді», — деп атап өтеді Бас прокурор жауабында.

Другие новости

Back to top button