ГлавноеГосорганы

Жер сілкінісі еліміздің үш қаласында және бес облысында сезілді

Алматыда 5 балл, Шымкентте 2 балл болды

Жер сілкінісі Астана, Алматы қалалары, ШҚО, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында сезілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 23 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 00:09-да (қайталанып Алматыда сағат 00:42-де — 2 баллдық және 01:36-да сезілмей) Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде эпицентрі Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан жер сілкінісі тіркелді.

Алматы – 5 балл, Шымкент – 2 балл.

«ТЖМ Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының базасында Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен азаматтық қорғау қызметтерін тарта отырып, жедел тәртіппен ТЖ жою жөніндегі республикалық жедел штаб құрылып және жұмыс істеуде», — делінген хабарламада.

Бұл штабтарда ТЖМ психологтарын тарта отырып, жедел желі телефондары жұмыс істеп тұр.

ТЖ министрінің тапсырмасы бойынша күштер мен құралдар жоғары дайындыққа келтірілді.

«Республиканың қалалары мен облыстарында зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Қырғызстан және Өзбекстан ТЖМ кезекші қызметтерінің ақпараты бойынша аталған республикаларда да жер сілкінісі тіркелген», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button