Социум

Жер бетіндегі халық саны рекордтық көрсеткішке жетіп, 8 миллиардтан асты

Әлемде ерлер саны әйелдерге қарағанда көбірек екені белгілі болды

Жер бетіндегі халық саны 8 миллиардқа жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Countrymetrics порталындағы виртуалды есептегіш көрсеткендей, әлем халқының саны рекордтық көрсеткішке жетіп, 8 миллиард адамнан асты.

Сондай-ақ әлемде ерлер саны әйелдерге қарағанда көбірек екені белгілі болды. Адамзат саны 8 миллиардқа жеткен сәтте ерлер саны 4 041 074 733-ті, ал әйелдер саны 3 968 107 998-ді көрсеткен. Осылайша, ерлер саны Жердің жалпы тұрғындарының 50,5%-ын құрайды.

Әлем халқының негізгі өсімі Қытай мен Үндістан елдеріні есебінен болып отыр.

Портал ғаламшар тұрғындары өлімінің жиі кездесетін үш себебі: жүректің ишемиялық ауруы, инсульт және төменгі тыныс жолдарының өткір инфекциялары екенін де атап өтті.

Другие новости

Back to top button