Нур-Султан

Жеңіс Қасымбек баланы құтқарған оқушыға 1 млн теңге берді

Астанада көп қабатты үйлердің балконынан салбырап тұрған баланы құтқарып қалған ержүрек оқушыны қала әкімі марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ақан Әкімжановпен және оның ата-анасымен кездестім. Ақан өзінің жылдамдығымен және батылдығымен ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды. 7-сынып оқушысы 4-қабатта ілініп тұрған кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалды. Ақанның ата-анасына ержүрек ұл өсіріп, лайықты тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін! Ақан сол сияқты оқуда да, спортта да жетістіктерге жетіп жүр! Мұғалімдері мен сыныптастары ол туралы адал дос, саналы және жауапкершілігі мол оқушы деген пікірде», — деп жазды Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.

Әкім Ақанға планшет пен бір миллион теңге сыйға тартты. Сондай-ақ болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсететінін атап өтті.

Другие новости

Back to top button