Госорганы

Жемқорлардан тәркіленген мүлік қазақстандықтардың мұқтажына қашан жұмсалады

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Сенат кулуарында Қазақстанда сыбайлас жемқорлардан алынған мүлікті мемлекеттік органдардың емес, қазақстандықтардың мұқтаждықтарына жұмсау туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Вице-министрдің айтуынша, қоғамнан мұндай өтініштер келіп түсуде.

«Аталған бұйрыққа өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Түпкілікті шешім тараптардың келісуіне байланысты, өйткені осы құжатты қабылдаудың мерзімдері, регламенттері бар. Бұл қоғамдық тыңдаулар, келісімдер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама. Бұл процедуралар орындалуы керек. Жақын арада құжат қабылданады деп ойлаймын», — деді ол.

Ержан Біржанов түзетулерді қабылдаудың нақты мерзімдерін атаған жоқ.

Айта кетейік, бұдан бұрын жемқордардан жиналған 121,7 млрд теңгеге 72 мектептің құрылысы қолға алынатыны хабарланған.

Другие новости

Back to top button