Главное

Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады

2022 жылдан бастап 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні мерекелер қатарынан алынып тасталды. Соған байланысты демалыс күндері де азаяды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тәуелсіздік күні 2022 жылдан бастап тек бір күн – 16 желтоқсанда ғана атап өтіледі. Осыған сәйкес Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар:

5 күндік жұмыс аптасында 16, 17, 18 желтоқсанда;
6 күндік жұмыс аптасында 16 және 18 желтоқсанда демалады.

Желтоқсанда 5 күндік жұмыс аптасында барлығы 10 демалыс күні, ал 6 күндік жұмыс аптасында 5 демалыс күні бар.
Ал жыл (31 желтоқсан) сенбіге және жексенбіге (1 қаңтар) түсіп тұр.

Другие новости

Back to top button