ГлавноеНур-Султан

Желіде Қуандық Бишімбаевтың «ұсталғаннан кейінгі» суреті пайда болды

Әлеуметтік желіде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев «ұсталғаннан кейін» түсірілгені айтылған сурет тарап жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суретте экс-шенеунікті полиция қызметкерлері қоршап тұрғаны көрінеді. Қолданушылар сурет Астанада 9 қарашада – Бишімбаевты елордалық мейрамханалардың бірінде полиция ұстағаннан кейін түсірілген деп болжаған.!

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол — Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Другие новости

Back to top button