Желіде Қарағанды облысындағы шахтада қаза тапқандардың аты-жөні жарияланды
Сондай-ақ зардап шеккендердің жағдайы туралы хабарланды
Әлеуметтік желіде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на тиесілі Ленин атындағы шахтада қайтыс болғандардың кім екені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Желіде жарияланған құжатта газ атылған соң бес адамның шахтадан шыға алмай қалғаны жазылған. Олар:
Қашкей Арман Қ. – АШМДБ учаскесі бастығының көмекшісі міндетін атқарушы (негізгі қызметі – бұрғылау қондырғысының машинисі);
Бойченко Дмитрий Игоревич, 1991 жылы туған – бұрғылау қондырғысының машинисі;
Ынтықбеков Марғұлан С., 1998 жылы туған — «USM» ЖШС бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі;
Санжаров Андрей Павлович 1980 жылы туған — бұрғылау қондырғысының машинисі;
Инкин Денис Анатольевич, 1984 жылы туған — бұрғылау қондырғысының машинисі.
Сондай-ақ шахтадағы метанның бөлінуінен зардап шеккендердің жағдайы туралы хабарланды. Төрт жұмысшы Шахтинск қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Олардың екеуіне сүйек сынығы диагнозы қойылса, тағы екеуі басынан жарақат алған.