Мангистауская область

Желіде маңғыстаулық жасөспірімдердің жаппай төбелесі түскен видео тарады

Аталған дерекке қатысты полиция өкілдері пікір білдірді

Маңғыстау облысында жаппай төбелеске қатысқан жасөспірімдер мен олардың ата-аналары полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желілерде Шетпе ауылы жасөспірімдерінің бір-біріне аяусыз тас лақтырып, жаппай төбелесіп жатқан сәті түсірілген видео тарады.

«Мониторинг барысында аталған видеоның осы жылдың 8 қазанында сағат 22.00 шамасында Шетпе ауылындағы теміржол вокзалының жанында түсірілгені анықталды. 16-17 жас аралығындағы 18 жасөспірімнің жеке басы анықталды. Олар ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді», — деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ олардың әрқайсысымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

«Айта кетерлігі, бұл дерек бойынша ешқандай шағымдар мен өтініштер түскен жоқ», — деді полиция өкілдері.

 

Другие новости

Back to top button