Выбор редакцииМенің балам (Ұл мен қыз)

Желіде көп отырады, кітапты аз оқиды: зерттеушілер қазақстандық балалар бос уақытын қалай өткізетінін айтты

Қазақстандық зерттеушілер Қазақстандағы ата-аналар мен бала тәрбиесіне қатысты ауқымды зерттеу жүргізді. Зерттеуге ата-аналар 30 мыңнан астам ата-ана қатысқан. Зерттеу нәтижелері «Сенімен Болашақ» III жалпыұлттық ата-аналар форумында талқыға салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Сенімен Болашақ» РҚБ төрағасы Жансая Бердімұраттың айтуынша, көктем айында жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға 33 пен 55 жас аралығындағы 32 755 ата-ана қатысқан. Оның 37,3 пайызы әкелер болса, 62,7 пайызы арналар болған. Одан бөлек, зерттеуге 13 пен 17 жас аралығындағы 24 613 жасөспірім (оның 48,6 пайызы — ұл бала, 51,4 пайызы — қыз бала) қатысқан. Сауалнама нәтижесі бойынша қазақстандық ата-ана бүгінде әйелдер екендігі анықталған.

«Саналы тәрбие туралы дискурс салыстырмалы түрде жақында пайда болғанымен, біздің еліміздің ата-аналар қауымы бұдан хабардар және қызығушылық танытуда. Сауалнама нәтижелері бойынша ата-аналардың 51 пайызы бала тәрбиесіне қатысты түрлі басылымдар мен ақпараттық материалдарды үнемі оқиды. Сондай-ақ баламен оң қарым-қатынас құруда аймақтар арасындағы саралау таңқаларлық: солтүстікке қарай неғұрлым оң көрсеткіш. Демек Ақмола, Павлодар, Қостанай, СҚО өңірлерінде ата-аналардың 80 пайызға жуығы баласына жылы сөз айтуды, қалжыңдауды, сүйіп отыруды күнделікті әдетке айналдырған. Оңтүстік облыстарда (Шымкент, Түркестан, Қызылорда, Жамбыл облыстары) бұл көрсеткіш 67 пайыздан төмен», – дейді Жансая Бердімұрат.

Сондай-ақ оның айтуынша, ата-аналардың шамамен 79 пайызы кез келген жағдайда барлық істерін тастап, баласына қамқорлық жасауға дайын екен.

Сондай-ақ ата-аналардың 76 пайызы аптаның 1 күнін үнемі баласымен бірге өткізеді, бірақ тәрбиелік мәні өте маңызды болып саналатын, өткізген күнді қорытындылайтын кешкі әңгімелесу әдеті тек ата-аналардың 60 пайызында ғана байқалып отыр.

Сауалнама қорытындысы бойынша ата-аналардың жартысына жуығы демалыс күндерде туыстардың үйіне баруды қалап тұрады екен. 30 пайызы демалыс күндерді бірге өткізу шопинг пен саябақты аралау деп түсінсе, тек 12 пайызы ғана мәдени іс-шараларға, яғни кинотеатрға, концерттерге және театр қойылымдарына барады. Баланы еңбекке тәрбиелеумен ата-аналардың 86 пайызға жуығы айналысады, оның 60 пайы еңбек баланың міндеті деп санаса, тек 26 пайызы еңбек тәрбиесіне саналы түрде қарайды. Одан бөлек, зерттеуге сай ата-аналардың шамамен 55 пайызы кейде үй тапсырмасын бірге орындауға қатысады, ал респонденттердің 23 пайызы бірге орындайтынын атап өтті.

Сондай-ақ ата-аналардың шамамен 21 пайызы бұл процеске мүлде қытыспайтынын көрсетіп отыр, яғни олар баланың үй тапсырмасына қанша уақыт жұмсайтынын немесе оның орындалуында қадағалаймайды екен.

“Бірінші тарапта ата-ана баланың оқу-тәрбиелік міндеттерін орындауға қатысуы баланың эмоционалдық жағдайына оң әсер етеді, стресс пен алаңдаушылық деңгейін төмендетеді. Екінші тарапта біз балаға қажетті өмірлік дағдыларды дамытуға және меңгеруге кедергі жасай отырып, оған зиян келтіруіміз мүмкін болатынына келісіңіз. Сауалнама нәтижелері ата-аналарға балаға үй тапсырмасын орындауға көмектесу процесін дұрыс құру туралы көбірек дағдылар мен лайфхактар беруіміз керек екендігін көрсетті”, – деп пікірін бөлісті Жансая Бердімұрат.

Оның мәліметінше, қазақстандық бала бос уақытында үй шаруасына көбірек араласады, достарымен серуендейді немесе спортпен айналысады, интернетте көп отырады, теледидарды көп көреді және кітапты аз оқиды.

Другие новости

Back to top button