Мангистауская область

«Жедел жәрдемде қажетті жабдықтар болмады»: Куәгерлер Ақтауда болған оқыс жағдайдың қалай болғанын айтып берді

Ақтауда үйдің бетон маңдайшасы құлап, үш адамды басып қалған еді. Салдарынан бір адам көз жұмды. Куәгерлердің сөзінше, бетон маңдайшаны 20 адам әрең дегенде жылжытқан. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап. 

 

Тұрғын Валерия Фурсина адамдардың айқайын естіп далаға шыққанын айтады. Сөзінше, бұған дейін маңдайшаны үш адам арнайы құралмен бұзып жатқан екен.

«Маңдайша аударылып, үш адамды басып қалды. Бірден ер адамдарды шақыра бастадық. Труба, баспалдақпен көтермек болдық. Соңында 20 адам әрең жылжыта алды», – дейді Валерия Фурсина.

Оқиға салдарынан бір адам көз жұмып, тағы екеуі жарақат алды. Куәгерлер келгенде бетон басып қалған адамның тірі жатқанын көрген.

«Мұрнының ұшын темір кесіп кетіпті. Әртүрлі нөмірмен жедел жәрдемге 10 рет хабарластық. Жедел жәрдемде келген жастар екен, бірі практикадан өтіп жүрсе керек. Жанына келгенде жүрегі соғып жатқан. Бірақ олар ештеңе істеген жоқ. Оттегі берсін немесе басқа шара қабылдасын дедік. Жедел жәрдемде қажетті жабдық та болмады», – деді Валерия Фурсина.

Көз жұмған ер адам 53 жаста болған. Барлығы мердігер компанияда жұмыс істейді. Тұрғындардың айтуынша, жұмысшыларда қажетті жабдықтар болмапты. Енді олар мұндай жағдай басқа үйлерде де қайталана ма деп қорқады. Себебі кіреберістердегі маңдайшаларда үлкен жарықтар бар екен.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің бетон маңдайшасы құлағаны туралы хабарлаған едік. Салдарынан бір адам көз жұмды, тағы екеуі ауыр жарақат алды.

Другие новости

Back to top button