Госорганы

«Жазып берген анықтаманы бұл жерде оқу қажет емес» — Мәжіліс төрағасы Үкіметке ескерту жасады

Ерлан Қошанов Пленарлық отырысқа дайындалып келу керектігін айтты

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов Үкімет мүшелерінің отырыстағы жауаптарына қанағаттанбайтынын жеткізді.

Ерлан Қошанов ведомство өкілдері тек қағазда көрсетілген анықтамаларды оқумен ғана шектелетініне шүйлікті.

«Мен кейбір министрлік өкілдеріне ескертпе жасайын деп едім. Пленарлық отырысқа дайындалып келу керек. Қол астыларыңыздағы адамдардың жазып берген анықтамасын бұл жерде оқу қажет емес. Бұл сұрақтардың барлығы жұмыс тобының отырысында және комитеттің отырысында талқыланды. Ал бұл жерге келгенде сіздер оны бес саусақтай біліп тұруларыңыз керек. Мен Үкіметтің өкіліне де осы ескерту айтамын, Премьер-министрге жеткізіңіз. Егер де осы жерде министрліктің дайын емес өкілдері болса, орындарына басқа адамдар келсін», — деп ескерту жасады Мәжіліс төрағасы.

 

Другие новости

Back to top button