Алматы

Жауыннан арықтар толып, ағаштар құлауы мүмкін: Алматылықтарға ауа-райының нашарлауына байланысты ескерту жасалды

Синоптиктер ауа-райының нашарлауына байланысты Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады. 16 мамырда кешке шаһарда нөсер жауын жауады деп болжады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы жерлерде 20 мм-ге дейін жауын-шашын түсетінін мәлімдеді.

«Қаланың коммуналдық қызметтері дайын. Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу үшін мотопомпалармен және шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылатын болады. 2,3 мың қап құм дайындалды», – деп сендірді ведомство.

Ал әкімдік қажет болған жағдайда жұмысшылар мен арнайы техника саны артатынын жеткізді.

Сонымен қатар ауа-райының нашарлауына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына тауға шықпауға кеңес беріді. Жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты автомобильдерді жол жиектеріне қоймау ескертілуде. Ал су тасқынының алдын алу үшін қала тұрғындарынан арықтарды, нөсер су ағындары мен каналдарды қоқысқа толтырмау сұралды.

Другие новости

Back to top button