Социум

Жауын мен бұршақ: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Демалыс күндері республиканың көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы күн райы қалыптасады: күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады.

Жоғары атмосфералық қысым Қазақстанның солтүстік және орталық бөліктеріне ықпалын сақтайды: күн ашық әрі жауын-шашынсыз. Бұл ретте, ауа температурасының жоғарылауы жалғасады. Түнде елдің көп бөлігінде 1-7 градус үсік сақталады.

Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болжанады.

Другие новости

Back to top button