Госорганы

Жастарға жеңілдікпен микрокредит беру қағидасы бекітілді

Өтінімдерді қабылдау уақыты және өтініш беретін кеңселердің мекенжайлары туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жастарға жеңілдікпен микрокредит берудің қағидасын бекітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қағидаларда кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар үшін конкурстық негізде микрокредит беру көзделген.

Микрокредиттер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы берілетін болады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5% — дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн теңгеге дейін және ол үшін кепілдің болуы міндетті.

Микрокредиттерді кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады. Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 аспайды.

Қазіргі уақытта Еңбекмині жергілікті атқарушы органдармен кредиттік шарттар, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-мен жергілікті атқарушы органдардың тапсырма шартын жасасуда және бизнес-жобаларды қарау бойынша өңірлік комиссиялар құру бойынша жұмыс жүргізуде.

Другие новости

Back to top button