Госорганы

Жас ғалымдарға тұрғын үй алуға жеңілдетілген несие беріледі

Жас ғалымдарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несие беріледі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

«Бүгін Парламент депутаттары ғалымдарды әлеуметтік қолдау бойынша заң жобасын талқылап отырмыз. Атап айтқанда, жас ғалымдарға жеңілдетілген несие беру мәселесін қарастырудамыз. Екіншіден профессор дәрежесі бар ғалымдарға қосымша үстемақы төлеу. Сол сияқты басқа да тұрғыдан әлеуметтік қолдау нормаларын енгізіп отырмыз. Одан бөлек, ғалымдардың үздіксіз жалақы алу мәселесін қарастырып отырмыз», — деді Асхат Аймағамбетов БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, жас несие берудің ереже, талабы министрліктің бұйрығы шыққаннан кейін нақты белгілі болады.

«Біздің принцип жас ғалымдарға осындай мүмкіндік беру. Одан әрі жүзеге асыру ол министрліктің құзыретінде», — дейді депутат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай бүгін Әділет министрлігінде бірнеше заң жобасы бойынша Үкімет қорытындысы қаралды. Аталған шараға Әділет министрі Азамат Есқараев және Мәжіліс депутаттары қатысты.

Другие новости

Back to top button